Шығыс Қазақстан облысында 70-тен астам каналға реконструкция жасалады

24 Мамыр 2024, 17:28
556
Бөлісу:
Шығыс Қазақстан облысында 70-тен астам каналға реконструкция жасалады
Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігі

Бұл туралы өңір тұрғындарымен есеп беру кездесуін өткізген Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Атап айтқанда, Қалжыр өзеніндегі «Победа» және «Қарақия» каналдары, Тарбағатай ауданында 6 канал, Күршім ауданының 22 каналына және Зайсан ауданының 50 ішкі шаруашылық каналдарына кешенді реконструкция жұмыстары жүргізіледі. Бұл жұмыстар олардың тиімділігін 65%-ға арттырады.

Алдағы бірнеше жылда министрлік Кендірлік өзенінде көлемі 60 млн текше метр болатын су қоймасын салуды жоспарлап отыр. Сондай-ақ, Ұланка өзеніндегі Алебастр су қоймасының құрылысын аяқтап, Үйден, Орта Теректі және Қандысу су қоймаларын қайта жаңғыртуға ниетті. Бұдан бөлек, жалпы ұзындығы 62,2 шақырым болатын гидротехникалық құрылыстарды қайта жаңарту жүргізіледі. 2030 жылға дейін су үнемдеу технологияларын қолдана отырып, суармалы алқаптарды көлемін 90,2 мың гектарға ұлғайту жоспарланып отыр,- деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Өзгелердің жаңалығы