Шығыс медицинасына ем алам деп барған астаналық жан тәсілім еткен

28 Қараша 2023, 16:44
1146
Бөлісу:
Шығыс медицинасына ем алам деп барған астаналық жан тәсілім еткен
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ - архив

Елорда тұрғыны дәстүрлі емес медициналық қызметпен айналысқаны үшін сотталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Астана қаласының прокуратурасы мәлім еткендей, мемлекеттік айыптаушы абайсызда адамның өліміне әкеп соқтырған дәстүрлі емес шығыс медицинасымен айналысқан сотталғанның кінәсін дәлелдеді.

Сотталған тиісті куәліктері мен лицензиялары жоқ медициналық қызметпен айналысқан.

Ұйқышылдыққа шағымданған жәбірленуші клиникаға жүгінген. Клиникада оған Қазақстан Республикасында лицензияланбаған препарат инъекциясы енгізіліп, содан кейін оның жағдайы күрт нашарлаған. Науқас есін жимастан біраз уақыттан кейін қайтыс болды. Сараптаманың қорытындысы бойынша өлімнің себебі анафилактикалық шок болды. Сот үкімімен кінәлі адам медициналық қызметпен айналысу құқығынан айырылып, сотталды, - делінген хабарламада.

Прокуратура азаматтарды осы қызмет түрімен айналысуға тиісті рұқсаты жоқ адамдарға медициналық көмекке жүгінбеуге шақырады.

Өзгелердің жаңалығы