Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысында 15 116 азаматтық қару иелерінің 2197-сі, ал өткен тәулікте мекенжайы бойынша 504 азамат тексерілді, деп хабарлады Алтайньюс.
Тексеру кезінде заңсыз сақталған, тіркелмеген қарудың 16 бірлігі тәркіленді. Талаптың орындалмауына байланысты 55 әкімшілік хаттама толтырылды. Атап айтсақ, бірі қаруды заңсыз ұстаған, енді бірі рұқсат құжатынсыз алып жүрген. Оның ішінде қайта тіркеу кезінде салғырттық танытқандар да бар.
Барлық әкімшілік хаттамаларды «Қару» жедел алдын алу іс-шарасы кезінде аумақтық бөлімшелердің учаскелік инспекторлары толтырған.