Шығыс Қазақстан облысының жаңа прокуроры тағайындалды

12 Шілде 2021, 19:35
4164
Бөлісу:
Шығыс Қазақстан облысының жаңа прокуроры тағайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Президентінің келісімі бойынша Шығыс Қазақстан облысының прокуроры лауазымына аға әділет кеңесшісі Алмат Мұратұлы Байшолақов тағайындалды.

Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады. 

Алмат Байшолақов 1975 жылы Алматы қаласында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын Алматы қаласының Бостандық ауданы прокурорының көмекшісі қызметінен бастады.

Әр жылдары Алматы облысы Іле ауданының, Алматы қаласы Бостандық ауданының прокуратураларын, Алматы қаласы прокуратурасының әлеуметтік-экономикалық салада, қылмыстық істер бойынша сот актілерінің заңдылығын қадағалау басқармаларын басқарды. Оңтүстік Қазақстан облысы және Астана қаласы прокурорының орынбасары лауазымында қызмет атқарды.

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің департаменттерін басқарды.

Соңғы екі жылда Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қауіпсіздік және құқықтық тәртіп бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды.

Өзгелердің жаңалығы