Шығыс Қазақстан облысында карантин ұзартылды

20 Ақпан 2021, 00:21
1538
Бөлісу:
Шығыс Қазақстан облысында карантин ұзартылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысында карантин шаралары 7 наурызға дейін ұзартылды. Бұл мерзім COVID-19 таралуының өзгерістеріне байланысты қайта қаралуы мүмкін екені айтылып отыр.

Шығыс Қазақстан облысы бас мемлекеттік санитар дәрігері міндетін атқарушының қаулысы шықты.

Құжатқа сәйкес, Алматы облысымен шекарада үш санитарлық бекет сақталады. Павлодар облысы жақтан екі және "Ауыл", "Уба", "Бақты", "Майқапшағай" арқылы көлікпен мемлекеттік шекарадан өткізу бекеттерінде төртеу қалады.

Бұқаралық шаралар өткізуге әлі де тыйым салынып отыр. Жұма намазы тек ауыл мешіттерінде оқылады (сыйымдылығы 150 адамға дейін, 25 пайызы ғана толуы шарт).

Мемлекеттік органдарда азаматтарды жеке қабылдау, семинар, жиналыс өткізу қысқарады.

Қоғамдық тамақтану нысандары 07.00 - 24.00 аралығында жұмыс істейді. Фудкорттар тек тамақ жеткізу немесе өзімен алып кету режимінде қызмет көрсетеді.

Қала және елді мекендегі қоғамдық көлік сағат 06.00-23.00 аралығында қатынайды. Адам көп жүретін уақытта (8.00 -10.00; 18.00 -20.00) автобус саны көбейеді.

Қаулының толық нұсқасымен мына сілтеме арқылы таныса аласыз.


Өзгелердің жаңалығы