Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Шығын көлемі – 40 млн теңге: Ақмола облысында ауыл шаруашылығы техникасы ұрланған

2 Мамыр 2025, 23:57
630
Бөлісу:
 Polisia.kz
Фото: Polisia.kz

Егіндікөл ауданында полицейлер ауыл шаруашылығы техникасынан қосалқы бөлшектердің ірі көлемде ұрланғанын анықтады. Шығын көлемі 40 миллион теңгеге жуық, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Қылмысқа күдікті ретінде 25, 30 және 35 жастағы үш жергілікті тұрғын ұсталды. Тергеу деректеріне сүйенсек, ұрлық 2023 жылдың қарашасынан 2024 жылдың сәуіріне дейінгі аралықта жергілікті ЖШС аумағында болған.

Қыс кезінде күдіктілердің бірі бөлшектерді шанамен тасып, кейін оларды сыбайластары арқылы Атбасар ауданындағы сатып алушыға өткізген.

Криминалдық полиция мен арнайы бөлімшелердің үйлесімді жұмысының нәтижесінде ұрланған барлық мүлік табылып, тергеу ісіне тіркелді. Тергеу жалғасуда, іс Ақмола облысы полиция департаменті басшылығының бақылауында.

Өзгелердің жаңалығы