Шығыс Қазақстандағы "Күршім" паромы қаңтардың ортасына дейін жүреді

<h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Күршім" паромы 10 қаңтарға дейін жұмыс істейді, деп хабарлады Алтайньюс.</h4>

 5 Қаңтар 2020 2020, 21:30
5 Қаңтар 2020 2020, 21:30
3473

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Күршім" паромы 10 қаңтарға дейін жұмыс істейді, деп хабарлады Алтайньюс.

Бұқтырма су қоймасы арқылы Көкпекті және Күршім аудандарының арасын жалғайтын паром жыл сайын желтоқсан айының аяғында жұмысын тоқтататын. Одан әрі көліктер мұз үстімен емін-еркін заулайтын еді. Бірақ биыл қыстың алғашқы айы жылы болғандықтан, айдынға мұз қатып үлгермеді. Осы себепті әзірше көліктердің қатынауына рұқсат жоқ, - делінген ақпаратта.

Күршім ауданының әкімдігі паромның 10 қаңтарға дейін жұмыс істейтінін мәлімдеді.

Наверх