Шығыс Қазақстанда қар жауды

26 Қыркүйек 2020, 14:26
2436
Бөлісу:
Шығыс Қазақстанда қар жауды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ШҚО-ның бірқатар аудандарында қар жауып қалды, деп хабарлады Altaynews.

Катонқарағай, Күршім аудандары мен Риддер қаласының маңында қар түсті. Тұрғындар алғашқы қардың фотосуреттері мен бейнежазбаларын әлеуметтік желі арқылы таратып жатыр.

Айтуларынша, Ұрынқай аулында жауған қардың биіктігі 12 сантиметрге дейін жетіпті. Ал Риддердің тауларындағы қар тас жол мен шыршаларды басып қалған деседі.

RFH.jpg

Синоптиктердің сөзінше, таулы өлкелерде қардың ерте түсуі таң қаларлық жағдай емес. Дегенмен осы жылы қыстың лебі ерте келгенін олар да мойындап отыр. Алдағы күндері облыс аумағында ауа температурасы төмендеп, жел күшейеді деп болжануда.


Өзгелердің жаңалығы