Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысында үш жүз келіге жуық балық артып келе жатқан браконьер ұсталды, деп хабарлады Алтайньюс.
Тәртіп сақшылары Қалжыр-Күршім тасжолында "Toyota Carina" маркалы автокөлікті тоқтатқан. Көліктен түрлі тұқымды балықтар табылды. 28 жастағы жүргізушінің ешқандай құжаттары жоқ болып шықты. Оның айтуынша, балықтарды Күршім ауданындағы Шеңгелді ауылының маңында Зайсан көлінен аулаған.266 келі балық тәркіленді. Мемлекетке келтірілген шығын 815 182 теңгеге бағаланды, – деп мәлімдеді Полиция департаментінің баспасөз қызметі.Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр.