Нұр-Сұлтан. BAQ.KZ. Шығыс Қазақстанда мемлекет басшысының тапсырмасын орай, 200 ауыл мектебіне жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Солардың бірі - Тарбағатай ауданы, Ақжар ауылындағы мектеп. Оның жағдайымен ШҚО әкімі Даниал Ахметов танысты.Айта кетейік, жаңа оқу жылындағы эпидемияның қиындықтарына қарамастан Ақжар ауылындағы мектеп штаттық режимде жұмыс істеуге көшті. Онда бастауыш сынып оқушылары білім алуда. Барлық санитарлық талаптар қатаң сақталған.
Аталған оқу орнын жөндеу жұмыстарына 260 миллион теңге бөлінді. Нәтижесінде, барлық сынып қайта қалпына келтіріліп, терезелер мен коммуникациялық желілер ауыстырылды. Алғаш рет бұл мектепте жылы тораптар пайда болды, - деді ШҚО әкімі Даниал Ахметов.