Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Швейцариядағы өрттен зардап шеккен 80 адамның жағдайы ауыр

Бүгiн, 16:42
211
Бөлісу:
 atlaspix/shutterstockcom
Фото: atlaspix/shutterstockcom

Швейцарияның Кран-Монтана тау шаңғысы курортындағы барда болған өрттен зардап шеккен 115 адамның кемінде 80-і әлі күнге дейін ауыр жағдайда жатыр. Қаза тапқандар саны шамамен 40 адамға жеткен, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Ел үкіметінің басшысы Вале Матиас Рейнар зардап шеккендер қатарына Вале кантонының құтқару қызметінің бақылауында жатқан адамдар кіретінін нақтылады.

Бізге басқа жолмен жеткізілген, жедел жәрдем бөлімшелерінде жатқан және әлі де ауыр жағдайдағы өзге де зардап шеккендер туралы ақпарат белгілі, – деді шенеунік.

Бұған дейін Швецияның бұқаралық ақпарат құралдары Вале кантонындағы медициналық мекемелер өрттен зардап шеккендердің көптігінен жағдайды еңсере алмай отырғанын хабарлаған. Қайғылы оқиғадан аман қалғандар да өңірден тыс жерлердегі ауруханаларға жіберілген.

Еске салайық, Constellation барында болған жойқын жарылыс пен ірі өрт Жаңа жыл түні тіркелді. Қайғылы оқиға ондаған адамның өмірін қиды. Жергілікті полицияның мәліметінше, барлығы 115 адам зардап шеккен.

Қайғылы жағдайға байланысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Швейцария Конфедерациясының президенті Ги Пармеланға көңіл айтты.

Өзгелердің жаңалығы