Швейцариядағы Кран-Монтана тау шаңғысы курортында жарылыс болып, салдарынан қаза тапқандар мен жараланғандар бар, деп хабарлайды BAQ.KZ.
AFP агенттігінің берген мәліметіне сәйкес, жарылыс курорт аумағында орналасқан дәмханалардың бірінде болған.
Құқық қорғау органдары бірнеше адамның қаза тауып, жарақат алғанын растады. Алайда құрбандар мен зардап шеккендердің нақты саны әзірге нақтыланған жоқ. Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.
Полиция өкілдерінің мәлімдеуінше, жарылыстың шығу тегі әзірге белгісіз. Оқиға орнында жедел қызметтер жұмыс істеп жатыр, аумақ қоршауға алынған.