Цюрих кантонында экологтар құндыздан зардап шеккен жергілікті тұрғындарға телефон арқылы кеңес беріп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ DW-ге сілтеме жасай отырып.
Құндыздар бөгеттер мен үйшіктер салу арқылы ағаштарды кеміріп қана қоймай, сонымен қатар су тасқынына, егістіктерді су басуына және жолдарды бүлдіруге әкеліп жатыр. Мұндай жағдайда жедел желі қызметкерлері залалды және өтемақы алу мүмкіндігін бағалайды және болашақта құндыздан келетін проблемадан қалай аулақ болу керектігі туралы кеңес береді.
Жедел желінің жұмысының бір бөлігі құндыздарға ашулы адамдарды сабырға шақыру болып табылады.
Кейбір фермерлердің ашуланғаны соншалық ешкімді тыңдамайды. Дегенмен жедел желі қызметкерлері келгенде олар тынышталады, – деп жазады The Guardian басылымы.
Басылым жедел желіні басқаратын Fornat ұйымының биологы Кэролайн Ниенхаустың сөзін келтірген.
Швейцариядағы құндыз популяциясы соңғы жылдары қарқынды өсіп келеді. 2008 жылы елдегі құндыз популяциясы шамамен 1600 деп бағаланса, 2022 жылы ол 4900-ге дейін артады. Құндыз келтіретін зиянның алдын алу үшін жыл сайын 1 миллион швейцариялық франк бөлінеді.