Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Швейцарияда аза тұту күні жарияланды

Кеше, 17:13
257
Бөлісу:
 Report
Фото: Report

Швейцария билігі Кран-Монтана курортындағы барда болған өрт салдарынан 40 адам қаза тапқаннан кейін 9 қаңтарды ұлттық аза тұту күні деп жариялауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Report агенттігінің мәліметіне сүйенсек, бұл туралы конфедерация президенті, елдің экономика министрі Ги Пармелен Tages-Anzeiger газетіне берген сұхбатында мәлімдеді.

9 қаңтар күні федералдық билік швейцариялық шіркеулермен бірлесіп ұлттық аза тұту күнін өткізуді жоспарлап отыр, - деді ол.

Президент сол күні өтетін еске алу рәсіміне де қатысуды көздеп отыр.

Ұлттық ынтымақтың тағы бір белгісі ретінде сағат 14:00-де, Кран-Монтанада өтетін аза тұту рәсімі басталған сәтте, Швейцариядағы барлық шіркеулерде қоңыраулар соғылады. Сонымен қатар осы уақытта бүкіл ел бойынша бір минут үнсіздік жарияланады, - дейді Пармелен.

Өзгелердің жаңалығы