Швейцарияда жолаушылар пойызы рельстен шығып кетті. Апат салдарынан зардап шеккендер болуы мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі БЕЛТА-ға сілтеме жасап.
Бұл туралы Daily Mail газеті хабарлайды.
Пойыз апаты болды. Зардап шеккендер болуы ықтимал. Қазіргі уақытта оқиға орнында құтқару операциясы жүріп жатыр, – деп хабарлады полиция.
Басылымның материалында Вале кантонындағы Гоппенштайн маңында рельстен шығып кеткен пойызда 80-ге жуық адам болғаны айтылған. Апатқа қар көшкіні себеп болуы мүмкін.
Оқиғадан кейін осы желідегі пойыздар қозғалысы тоқтатылғаны жарияланды.
Еске салайық, бұған дейін Ыстамбұлда метро пойызы рельстен шығып кеткен болатын.