Швецияда Нобель апталығы басталды

4 Қазан 2022, 09:25
870
Бөлісу:
Швецияда Нобель апталығы басталды

Медицина саласындағы 2022 жылғы Нобель сыйлығының иегері белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Хабар 24 жазды.

Беделді сыйлық адам эволюциясы мен жойылып кеткен гомининдердің геномдарын зерттеуге қатысты жаңалықтары үшін швед ғалымы Сванте Пяэбоға бұйырған. 

Енді осы апта соңына дейін физика, химия, әдебиет және бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығының лауреаттары да белгілі болуы тиіс. Ал жүлдені табыстау рәсімі желтоқсанда Швеция мен Норвегияда өтеді. 

Өзгелердің жаңалығы