Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Швецияда 13 жастан бастап түрме жазасы енгізіледі

29 Қазан 2025, 04:37
573
Бөлісу:
 pixabay
Фото: pixabay

Швеция үкіметі жасөспірімдер арасындағы қылмыстың өсуіне байланысты қылмыстық жауапкершілік жасын 13-ке дейін төмендетуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ DW порталына сілтеме жасап.

2026 жылдың шілдесінен бастап ауыр қылмыс жасаған 13–14 жастағы балалар арнайы кәмелетке толмағандар орталықтарына қамалатын болады.

Бұл шара қоғамды қорғау және балаларды қылмыстық жолдан шығару үшін қажет. Егер 13 жастағы бала қарумен көшеде жүрсе, қоғам бұған жауап беруі тиіс, - деді Әділет министрі Гуннар Стрёммер.

Алғашқы кезеңде 13-17 жас аралығындағы құқық бұзушыларға арналған 150 орын дайындалады.

Соңғы жылдары елде бандалық қылмыс пен атыстар көбейіп, кәмелетке толмағандарды ауыр қылмыстарға тарту жиілеген. Сарапшылар мұны “интеграцияның сәтсіздігімен” және иммигранттар тығыз қоныстанған аудандардағы әлеуметтік мәселелермен байланыстырады.

Өзгелердің жаңалығы