"Шұғыл қоңырау шалу керек" деген жігіт телефонды алып қашты

Қарағандыда алаяқ көмек қолын созған әйелдің екі телефонын алып қашып кеткен, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

 Нұрасыл ЕРЖАНОВ  - архив 28 Қараша 2025 2025, 18:14
28 Қараша 2025 2025, 18:14
479
Фото: - архив

Қарағандыда алаяқ көмек қолын созған әйелдің екі телефонын алып қашып кеткен, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Қарағандыда 36 жастағы әйел алаяқтың құрбаны болды. Жас жігіт сылтауратып, шұғыл қоңырау шалу үшін телефонын сұрап алған. Содан кейін оның екінші телефонды да алдап алған соң, алаяқ ізін жасырған.  Күдікті тез арада ұсталды. Ұрланған телефондарды иесіне қайтару жұмыстары жүргізілуде.  Қазіргі уақытта "Алаяқтық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлады Қарағанды облысының ПД баспасөз қызметі. 

Еске салайық, бұған дейін Қарағандыда "шебер" 16 тұрғыннан 8 млн теңге жинап алғаны хабарланды. 

Наверх