Астана, BAQ.KZ. Жамбыл облысы Шу ауданы Абай ауылының 52 жастағы тұрғынының үй-жайынан салмағы 28 келі 360 грамм «кептірілген марихуана» тәркіленді, деп хабарлайды Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметі.
«2019 жылғы 5 ақпанда жедел-іздестіру іс-шарасы барысында Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлерімен Шу ауданы Абай ауылының 52 жастағы тұрғынының үй-жайына тінту жүргізу кезінде қораның ішінен оған тиесілі ақ түсті үш қап табылып, жалпы салмағы 28 келі 360 грамм «кептірілген марихуана» тәркіленді», дейді департаменттің баспасөз қызметінің мәлімдемесінде.
Күдікті кінәсін толық мойындап, Шу ауданының уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.
Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлімі (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.