Шу тұрғынынан 200 келіге жуық есірткі тәркіленді

7 Маусым 2022, 07:34
1410
Бөлісу:
Шу тұрғынынан 200 келіге жуық есірткі тәркіленді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысындағы есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Шу ауданы Ақтөбе ауылынан 12 шақырым жердегі «Баусасық» құмды аймағында 43 жастағы тұрғынды ұстады.

Күдіктіні тексеру барысында жалпы салмағы 194 келі каннабис өсімдігі, 4 келі 800 гр кептірілген марихуана және 4 грамнан астам каннабис шайыры табылып, тәркіленді. Ол өз кінәсін толық мойындады. Қазіргі уақытта Шу қаласының уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды, - деп мәлімдеді ведомстводан.

Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 296-бабы 4-бөлігімен (аса ірі мөлшерде есірткі заттарын заңсыз сақтау) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Өзгелердің жаңалығы