Шу тұрғыны анашаны автокөлігімен тасымалдаған

<h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шу қаласының тұрғыны 1 келі анашаны автокөлігімен тасымалдаған, деп хабарлайды Polisia.kz.</h4>

 12 Мамыр 2020 2020, 18:50
12 Мамыр 2020 2020, 18:50
2164

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шу қаласының тұрғыны 1 келі анашаны автокөлігімен тасымалдаған, деп хабарлайды Polisia.kz.

8 мамыр күні Шу ауданында жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері "Daewoo" көлігін тоқтатып, оны тексеру барысында 40 жастағы жолаушыдан бір килограммға жуық "анаша"есірткі затын тәркіледі.

Ұсталған азамат кінәсін мойындады, Шу қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі таңда ҚР ҚК-нің 296-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде
Наверх