Шу полицейлері ірі көлемдегі ұрлық дерегін ашты

Ағымдағы жылдың 21 желтоқсанында Шу аудандық полиция бөліміне осы ауданның 31 жастағы тұрғыны белгісіз тұлғалардың дүкенінен түнгі уақытта  жасырын түрде кіріп, 720 дана блок әртүрлі маркалы темекі бұйымдарын және 200 мың теңге ақшалай қаражатын ұрлап кеткендігі туралы арызданды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

23 Желтоқсан 2022 2022, 22:46
АВТОР
 23 Желтоқсан 2022 2022, 22:46
23 Желтоқсан 2022 2022, 22:46
1506

Ағымдағы жылдың 21 желтоқсанында Шу аудандық полиция бөліміне осы ауданның 31 жастағы тұрғыны белгісіз тұлғалардың дүкенінен түнгі уақытта  жасырын түрде кіріп, 720 дана блок әртүрлі маркалы темекі бұйымдарын және 200 мың теңге ақшалай қаражатын ұрлап кеткендігі туралы арызданды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Келтірген шығын көлемі 5 млн 300 мың теңгені құрады.

Аудандық полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 34 жастағы Шу ауданының тұрғыны анықталып, ұсталды. 

Тергеу жұмыстары барысында ұрлықтың алдын-ала сөз байласу арқылы жасалынғаны және ұрлаған темекі бұйымдарын Алматы қаласына барып 701 мың 500 теңгеге сатып, ақшасын бөліп алғандығы белгілі болды. Қазіргі уақытта қылмысқа қатысы бар екінші күдіктіге іздестіру жұмыстары жүргізілуде.

Ұсталған күдікті кінәсін толықтай мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. 

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігінің  3-тармағымен (тұрғын, қызметтiк немесе өндiрiстiк үй-жайға, қоймаға не көлік құралына заңсыз кiрумен жасалған ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.      Осы бапқа сәйкес мүлкi тәркiленіп, екі жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.

Наверх