Шу бойында суға тапшылық болмауы тиіс – мәжілісмен

21 Наурыз 2022, 16:11
1792
Бөлісу:
Шу бойында суға тапшылық болмауы тиіс – мәжілісмен

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Мейрамбек Төлепберген хабарлады. Ол аймақтарға сапар барысында Жамбыл облысының Шу ауданына барған болатын. 

Онда Дулат ауылдық округінің тұрғындары мен шаруа қожалық өкілдері өте өзекті әрі жұртты мезі еткен мәселені көтерді. Атап айтқанда, 2019 жылы Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Су ресурстар комитетінің тапсырысымен құны 3,8 млрд теңге тұратын «Ирригациялық-дренаждық жүйелерді жетілдіру жобасы (ПУИД-2)» бағдарламасы осы Шу ауданында жүзеге аса бастайды.

Депутат атап өткендей, суландыру аумағы 5 мыңнан астам гектар жерді қамтып, жалпы ұзындығы 94 шақырымға созылатын су каналының қалпына келтіру жұмысы 2021 жылы аяқталады деген уәде орындалмақ түгілі, 3 жылда игерілгені көзделген қаржының 13 пайызын ғана (497,6 млн) құрады.Осы мерзімде 12 канал, 2 коллектрді қайта қалпына келтіруі керек еді. 

Бұл белгіленген жұмыс басталмай жатып, тоқтап қалды. Енді бұрынғы бір шетелдік компания орнына тағы бір шетелдік «Туннель Сауд Ариана» ЖШС келді, - деді М. Төлепберген. 

Осыған орай, Мейрамбек Төлепберген алдағы уақытта еліміздегі су мәселесі Парламент Мәжілісі депутаттары жұмыс барысында ерекше назар аударатынын атап өтіп, проблема туғызған нысаннның қазіргі жағдайын білу үшін Қалығұл тоғанына барды. 

Шу бойында суға тапшылық болмауы тиіс – мәжілісмен

Кездесуде Дулат ауылдық қоғамдық кеңестің төрағасы Е. Кірпікбаев бұл орасан зор қаржыға жасалып жатқан жұмыстың уәделі мерзімінде сапалы аяқталуын талап етті. 

Уәдеге әбден тойдық, меніңше республикалық Су комитеті тарапынан қатаң қадағалау ғана емес, өздерінің де нақты іс барысында сұралуға тиісті жауапкершілігі бар, – деді ауыл әкімі Н. Сұлтанбаев.

Техникалық сараптама жасаған мекеме маманы Д. Күлшебаев бұл нысан келесі 2023 жылдың соңына қарай аяқталып, барлық канал толық қайта қалпына келетінін жеткізді. 

Депутат атақты Шу өзені жағалауы магистралі маңында бұл нысанның ауыл шаруашылығын дамыту үшін өте қажет деп санайды. Жеке шаруа қожалықтарының жанкешті еңбегі де бекер кетпеуі үшін де әлеуметтік маңызы зор. Әлешбай, Сәмбет, Қалығұл, Ысты, Мәтқалық және Подхоз тоғандарының қалыпты жұмыс істеуіне жергілікті 7 мыңнан астам адам тіршілік қамында қатты назар аударып отыр.

Өзгелердің жаңалығы