Шу ауданының тұрғынынан 5 қап марихуана тәркіленді

10 Желтоқсан 2020, 19:36
1922
Бөлісу:
Шу ауданының тұрғынынан 5 қап марихуана тәркіленді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл полицейлері Шу ауданының тұрғынынан бес қап марихуана тәркіледі, деп хабарлады Polisia.kz.

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Жамбыл облысы полиция департаментінің Криминалдық полиция басқармасымен бірлесіп жедел – іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Шу ауданы Қонаев ауылының 60 жастағы тұрғынын ұстады. Оның үйін тінту барысында сарайдан жалпы салмағы 22 келі кептірілген марихуана тәркіленді.

Ұсталған азамат өз кінәсін толық мойындады. Қазіргі таңда Шу ауданының УҰИ-не қамауға алынды, ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігі (Есірткі заттарын өткізу мақсатында заңсыз сақтау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.



Өзгелердің жаңалығы