Шу ауданының тұрғыны ауылдастарын 2 миллион теңгеге алдап кеткен

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шу ауданының  полиция бөліміне жергілікті тұрғын өзінің  танысының  алдау жолымен банк  қосымшасы арқылы 1 миллион теңге көлемінде несие ресімдегені туралы шағымданған.

3 Мамыр 2022 2022, 21:46
АВТОР
 3 Мамыр 2022 2022, 21:46
3 Мамыр 2022 2022, 21:46
1928

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шу ауданының  полиция бөліміне жергілікті тұрғын өзінің  танысының  алдау жолымен банк  қосымшасы арқылы 1 миллион теңге көлемінде несие ресімдегені туралы шағымданған.

Бір аптадан кейін сол полиция бөліміне 25 жастағы әйел де осындай мәтінде  шағым түсірген.  Ол күйеуінің досы смартфонындағы банк қосымшасы арқылы 956 000 теңге көлемінде тауарлық кредит ресімдегенін хабарлады.

Аталған дерекке қатысты Қылмыстық кодексінің 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды және тергеу барысында Шу ауданының 25 жастағы тұрғыны ұсталды.

Күдікті кінәсін  толық мойындады, уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.

Наверх