Шу ауданының шопаны 60 келіге жуық марихуана дайындаған

4 Тамыз 2023, 10:21
732
Бөлісу:
Шу ауданының шопаны 60 келіге жуық марихуана дайындаған
Фото: Жамбыл облысының полиция департаменті

Шу ауданында 51 жастағы малшы есірткі дайындау кезінде ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

"Қарасора-2023" жедел-алдын алу іс-шарасы барысында іздестіру шараларын Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы , ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті, ҚР ҰҰ "Бүркіт" арнайы мақсаттағы бөлініс қызметкерлері Теа қызметтік итін пайдалана отырып жүргізді.

Оқиға орнын тексеру барысында 57 келі 140 грамм кептірілген марихуана, 4 келі 820 грамм гашиш есірткі заты табылып, тәркіленді. Сондай-ақ, орылған қарасора қалдықтары бар орақ табылды.

Ұсталған азамат кінәсін мойындап, Шу қаласының уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Қазіргі уақытта осы дерек бойынша ҚР ҚК 296-бабының 4-бөлігімен (Есірткі құралдарын аса ірі мөлшерде заңсыз сақтау) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Бұл баптың санкциясы 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қарастырады,-деп хабарлады облыстық Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы полиция подполковнигі Әлім Бажықбаев.

Өзгелердің жаңалығы