Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысы Шу ауданында 1,5 тоннадан астам жабайы қарасора жойылды, деп хабарлайды Polisia.kz.
2021 жылдың 1 маусымынан бастап кең ауқымды «Қарасора-2021» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы басталды.
Есірткі құралдарының заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау аясында ауыл шаруашылығы техникасын тарта отырып, есірткі құралдарын жою жөніндегі көшпелі комиссия құрылды.
2021 жылдың 2 шілдесінде Жамбыл облысының полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Шу ауданының бес гектар жер аумағында жабайы өскен сораны шабу арқылы 1 тонна 781 келі сора тұқымдас өсімдікті өртеу арқылы жойды.