Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шри-Ланкада төтенше жағдай тәртібі енгізілді.
Билік қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін осындай шешім қабылдады. Өйткені жергілікті кәсіподақтар ұлттық ереуіл жариялады.
Ал студенттер парламент ғимаратына барар жолдарды жауып тастаған. Ашынған жұрт президенттің отставкаға кетуін талап етіп отыр. Айтуларынша, билік елдегі экономикалық қиындықтарды шешуге қауқарсыз. Негізі қазір Шри-Ланка күрделі дағдарысты бастан кешіп жатыр. Инфляция деңгейі өршіп кеткен. Азия елдерінің ішінде оның ең жоғары көрсеткіші осы мемлекетте тіркеліп отыр. Онда жанармай мен азық-түлік тапшы. Экономикалық жағдайдың ушығуына байланысты жуырда билік сыртқы қарызын төлей алмайтынын айтып, дефолт жариялады.