Шри-Ланкада төрт күндік жұмыс аптасы енгізілді

Отын дағдарысына байланысты

 Shutterstock / ашық дереккөз Бүгiн 2026, 05:34
Бүгiн 2026, 05:34
100
Фото: Shutterstock / ашық дереккөз

Шри-Ланка үкіметі отын тапшылығына байланысты төрт күндік жұмыс аптасын енгізді. Бұл шешім сатып алуды тоқтатуға бағытталған қатаң отын мөлшерлемесі енгізілгеннен кейінгі күні қабылданды, деп хабарлайды BAQ.KZ The Guardian басылымына сілтеме жасай отырып.

Енді мемлекеттік мекемелер, университеттер мен мектептер үшін сәрсенбі – қосымша демалыс күні.

Бұл шара АҚШ, Израиль және Иран арасындағы Таяу Шығыстағы соғыс салдарынан туындаған отын дағдарысы кезінде отынды үнемдеуге бағытталған. Қазір елде жанармай құю бекеттерінде ұзын-сонар кезек қалыптасқан. Сонымен қатар, үкімет отын бағасын 8%-ға қымбаттатты.

Президент Анура Кумара Диссанаяке егер жағдай өзгермесе, ел небәрі екі ай ғана тұрақты электр қуатымен қамтамасыз етілуі мүмкін екенін ескертті.

Наверх