ШҚО жолдарында 7 мыңға жуық заңбұзушылық анықталды

6 Шілде 2022, 03:23
1280
Бөлісу:
ШҚО жолдарында 7 мыңға жуық заңбұзушылық анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысы аумағында апаттылықты тұрақтандыру және төмендету мақсатында 2022 жылғы 28 маусым мен 2 шілде аралығында «Қауіпсіз жол» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілді. ШҚО полицейлері «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу іс-шарасының қорытындысын шығарды, деп хабарлайды ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Жедел алдын алу іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін бұзудың 6649 фактісін анықтады, оның ішінде мас күйінде көлік құралын жүргізгені үшін 50 жүргізуші ұсталды, жолдың қарсы қозғалысқа арналған жағына шығудың 41 фактісі анықталды, қоғамдық көлік жүргізушілері 48 құқық бұзушылыққа жол берді. Жол ережесін бұзған жаяу жүргіншілер де болды. Полиция жаяу жүргіншілер тарапынан 1300-ден астам бұзушылықты тіркеді, - деп хабарлайды ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Сонымен ұатар, 145 көлік құралын пайдалануға тыйым салынды, оның 72-сі мамандандырылған тұраққа қойылды, 73 мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілері алынды.

Полиция департаменті жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды, көлік құралын басқару кезінде өте мұқият болуды, оның техникалық жағдайын бақылауды сұрайды.

Өзгелердің жаңалығы