Құтқарушылар мен жол қызметкерлері жолаушыларымен бірге жолда қалып қойған автобусқа көмекке келді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
"Өскемен-Шемонаиха – Ресей Федерациясының шекарасы" тас жолында Новосибирск қаласынан Өскеменге баратын жолаушылар автобусы ауа райының қолайсыздығынан қатты жел мен боранға байланысты қар құрсауында қалды.
ШҚО ТЖД құтқарушылары мен "Кажсервис" ЖШС техникасы көмекке барып, жолаушыларға тиісті жағдай жасады.
Автобус салонында 23 жолаушы болды, оның ішінде 5 бала. Жол қызметтерінің техникасы жолды тазалап жатқанда, құтқарушылар қолдарына күрек алып көмектесті, ал адамдар автобуста күтті. Содан кейін ШҚО ТЖД Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері барлық жолаушыларды жол талғамайтын көлікпен эвакуациялап, жақын маңдағы елді мекенге жеткізді, - деп жазылған хабарламада.
ШҚО ТЖД алдын ала дауылды ескерту туралы ақпаратты орналастырған.
Соған сәйкес, азаматтардан қолайсыз ауа райында елді мекендерінен шығып өмірлеріне қауіп төндірмеуін сұраймыз, - деп жазды ТЖМ.