Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс өңірде халықтан заңсыз сақталған атыс қаруы мен оқ-дәрілерді сатып алу акциясы жалғасып жатыр, деп хабарлайды ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Үржар ауданының 52 жастағы тұрғыны полиция бөліміне үш мылтық тапсырды. Ол қаруды 2021 жылы қайтыс болған көршісінен алған көрінеді. Полиция департаменті сот-баллистикалық сараптама тағайындалғанын хабарлады.
Өз еркімен тапсырған қару үшін Үржар ауданының тұрғынына 230 000 теңгеден астам қаражат төленеді, – деді ШҚО ПД бастығының бірінші орынбасары Елдос Закимов.