ШҚО тұрғыны оқырмандар санын көбейтемін деп ақшасынан қағылды

4 Қыркүйек 2024, 18:25
325
Бөлісу:
ШҚО тұрғыны оқырмандар санын көбейтемін деп ақшасынан қағылды
Фото: polisia.kz

ШҚО тұрғыны әлеуметтік желіде оқырмандар санын көбейтемін деп ақшасынан қағылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Әлеуметтік желінің жұлдызы болам деп, алаяқтың арбауына түскен ШҚО-ның 32 жастағы тұрғыны өз аккаунтын танымал ету және аккаунттағы жазылушылар санын көбейту үшін хабарландыру бойынша жүгінген. 

Маман қызметі үшін 100 мың теңгеден астам қаражат алған, алайда “фоловерлер” саны көбеймеген, ал өзі жоғалып кеткен. Полиция күдіктіні көрші облыстың 19 жастағы тұрғыны екенін анықтаған, ол бұл әрекетін мойындады. Алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. 

Сонымен қатар полиция қызметкерлері барлық азаматтарды қырағы болуға ешкімге, ешбір жағдайда қолма-қол ақша бермеуге, үшінші тарап қосымшаларын орнатпауға және күмәнді сілтемелер бойынша өтпеу туралы ескертеді.

Өзгелердің жаңалығы