ШҚО тұрғыны алимент төлемегені үшін бас бостандығынан айырылды

Бүгiн, 18:31
128
Бөлісу:
ШҚО тұрғыны алимент төлемегені үшін бас бостандығынан айырылды
Фото: polisia.kz

Шығыс Қазақстан облысының 43 жастағы тұрғыны кәмелетке толмаған баласын асырауға арналған алиментті төлемегені үшін 9 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Оның алимент бойынша қарызы 2 миллион теңгеден асқан. 

Ер адам өз міндеттерін орындаудан бірнеше рет жалтарып, ескертулерге қарамастан әрекет етпеген. Нәтижесінде сот органдары оған қатаң шара – бас бостандығынан айыру жазасын қолдану туралы шешім қабылдады. 

Бұл жағдай алименттік міндеттерін жүйелі түрде орындаудан жалтарып жүрген адамдарға қандай санкциялар қолданылатынын көрсетеді. Заңнамаға сәйкес, алимент төлемеу айыппұлдармен ғана шектелмей, қылмыстық жауапкершілікке, тіпті бас бостандығынан айыру жазасы көзделгенін айқындайды.

Мұндай шаралар ең алдымен балалардың құқықтарын қорғауға бағытталғандығын, олардың ата-аналар жауапсыздығынан зардап шекпеуі керек екендігін ескертеді. Шығыс Қазақстан облысы бойынша анықтау бөлімшелері жыл басынан бері алимент төлемеу фактілері бойынша сотқа 36 қылмыстық іс жолдағанын айта кеткен жөн.

Өзгелердің жаңалығы