Өскеменнің тұрғыны полицияға алаяқтың құрбаны болғанын мәлімдеп, өтінішпен жүгінген. 2020 жылы арызданушы азаматшаның танысы «кәсіпкерлік үшін қажет» деген сылтаумен одан қомақты қаржы алған, деп хабарлайды BAQ.KZ облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ер адам түрлі бизнеспен айналысқысы келетінін, яғни қайта сату үшін автомобильдер, металл өндіру үшін экскаватор, азық-түлік жеткізетін фирма, қымбат шетелдік машина сатып алатынын айтып, осының бәрі үшін жәбірленушіден ақша алған. Сонымен қатар ол оған әйгілі брендтердің көшірмелерін сатуға көмектесуге уәде берген, бірақ тауарды иемденіп алып, қайтармаған, – деп мәлімдейді облыстық полция департаментінің баспасөз қызметі.
Залалдың жалпы сомасы 114 миллион теңгеден асады.
Күдікті бұрын сотталған және қазір осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жазасын өтеп жатқан 39 жастағы Өскемен тұрғыны болып шықты.
Полицейлер алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғап, тергеу шараларын жүргізуде.