ШҚО тұрғыны құны 50 миллион теңгені құрайтын 7 тоннадан астам балықты заңсыз тасымалдаған, деп хабарлайды BAQ.KZ Алтайньюске сілтеме жасап.
Полиция қызметкерлері Омбы-Майқапшағай тас жолынын патрульдеу барысында облыс орталығының 31 жастағы тұрғынының басқаруындағы КамАЗ-ды тоқтатқан. Көлікті тексеру кезінде ер адамның балық толтырылған 280-ден астам полиэтилен пакеттерін тиісті құжаттарсыз тасымалдағаны белгілі болды.
Жүргізушінің айтуынша, ол жүкті Өскеменге облыстағы ауылдардың бірінен тасымалдаған. Күдіктінің салмағы 7 тоннадан асатын көксерке балықтарын қаптарға салып тасымалдағаны анықталды.
Келтірілген шығын 50 миллион теңгеден астам. ҚР ҚК-нің 335-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.