ШҚО тұрғыны 200 келіден астам балықты заңсыз тасымалдаған

12 Қараша 2024, 13:50
289
Бөлісу:
ШҚО тұрғыны 200 келіден астам балықты заңсыз тасымалдаған
Фото: Polisia.kz

Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны 200 келіден астам балықты заңсыз тасымалдаған, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz сілтеме жасап.

Заң бұзушылық фактісі “Браконьер” жедел профилактикалық іс-шарасы барысында анықталды.

Полицейлер Күршім – Үлкен Нарын тасжолында 25 жастағы жүргізуші тізгіндеген автокөлікті тоқтатқан.

Құжаттарды тексеру кезінде ер адамның 206 келіден астам әртүрлі балық түрін, оның ішінде 85 келі көксерке, 102,6 келі шортан және 78 келі нәлімді қажетті құжаттарсыз заңсыз тасымалдап бара жатқанын анықтаған.

Осылайша, құқық бұзушының әрекеті шамамен 2 миллион теңгедей сомада шығын келтірді.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, оның нәтижелері бойынша нақты процестік шешім қабылданады.

Тәртіп сақшылары табиғи ресурстарды қорғауға қатысты заңдарды сақтаудың маңыздылығын еске салады және азаматтардан браконьерлік туралы қандай да бір ақпарат болса, полицияға хабарлауын сұрайды.

Өзгелердің жаңалығы