Қазақстанның соңғы жаңалықтары

ШҚО тұрғындары жер сілкінісін сезінді

25 Мамыр 2025, 09:13
552
Бөлісу:
 pixabay.com
Фото: pixabay.com

Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары 2 балдық жер сілкінісін сезінді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2025 жылғы 25 мамыр күні Астана уақытымен 07:35-те ҚР ТЖМ «Сейсмологиялық зерттеулер мен ақпараттың ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі жер сілкінісін тіркеді, – делінген ТЖМ хабарламасында.

Жер сілкінісінің эпицентрі Ресей аумағында, Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 1162 шақырым жерде орналасқан.

Болжамды жер сілкінісінің күші:

• Өскемен қаласында – 2 балл;
• Катонқарағай ауылында – 2 балл.

Зардап шеккендер мен қирау туралы ақпарат түскен жоқ.

Өзгелердің жаңалығы