ШҚО құтқарушылары тұрғын үйдегі өртті сөндірді

Бүгiн, 04:18
102
Бөлісу:
ШҚО құтқарушылары тұрғын үйдегі өртті сөндірді
VIDEO
Фото: -архив

Бүгін таңертең Өскемен қаласында 5 қабатты тұрғын үйдің пәтерінде жиһаздар мен жеке заттардың жануы орын алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлім етті.

Белгілі болғандай, құтқарушылардың жедел іс-қимылының арқасында шақыру түскен сәттен бастап 37 минут ішінде өрт сөндірілді.

ТЖМ күштері ғимараттан 6 бала мен 14 ересек адамды эвакуациялады, - деп атап өтті ведомстводан.

ТЖМ азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.

Өзгелердің жаңалығы