Шығыс Қазақстан облысы құтқарушылары тұрғындарды қайықпен тасымалдауды ұйымдастырды, деп хабарлайды BAQ.KZ ТЖМ Телеграм каналына сілтеме жасап.
Күршім ауданында Топтерек ауылынан 4 шақырым жерде қар қатты еру салдарынан, бұлақ үстіндегі көпірдің бетонды конструкцияларын шайып кеткен.
ТЖД күштерімен жолдың су басқан бөлігінде тұрғындарды қайықпен тасымалдау ұйымдастырылды. Соңғы екі күнде жергілікті тұрғындардан 60-тан астам адам тасымалданды.
ЖАО айналма жолды төсеу жұмыстарын жалғастыруда. Төтенше жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалыңыз, - делінген ақпаратта.