Тарбағатай ауданының тұрғыны балықты заңсыз аулағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылады, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Зайсан көлінің жағасында жедел алдын алу іс-шараларын өткізу барысында полицейлер балықты заңсыз аулаумен айналысқан 30 жастағы ер адамды ұстаған.
Оқиға орнында тәртіп сақшылары 130 келіге жуық көксерке мен қарақұйрықты, сондай-ақ 15-тен астам моноталшықты торларын тауып, тәркілеген.
Табиғатқа келтірілген залалдың жалпы сомасы 600 мың теңгеден асты. Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.