ШҚО полицейлері әккі пәтер ұрысын ұстады

Кеше, 20:32
209
Бөлісу:
ШҚО полицейлері әккі пәтер ұрысын ұстады
Фото: polisia.kz

Пәтер ұрысы Өскемен қаласы тұрғынының үйінен зергерлік бұйымдар мен ақша ұрлап үлгерген. Тәртіп сақшылары 48 жастағы күдіктіні жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ұстаған, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Бұрын ұрлық жасағаны үшін сотталған шығысқазақстандық азамат әдетін қайта бастағаны анықталды. Бұл жолы жәбірленуші үйдің пластикалық терезесін қысу арқылы ашып кірген және ол жерден 600 мың теңгеден астам ақша мен алтын бұйымдарды ұрлаған. 

Ер адам бұл әрекетін мойындады, полиция қызметкерлері одан заттай дәлелдемелерді тәркіледі. Сонымен қатар полиция қызметкерлері тергеу амалдарын жүргізу кезінде оның тағы бір ұрлыққа қатысы барын анықтады, онда ер адам дәл осындай схеманы пайдаланып, облыс орталығының тұрғынынан құны 40 мың теңгеден асатын асүй керек-жарағын ұрлаған. Ұрлық фактісі бойынша ұсталған адамға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. 

Оның осыған ұқсас бұрын жасалған қылмыстарға қатысы бар екені анықталуда. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. 

Өзгелердің жаңалығы