ШҚО полицейлері 38 млн теңгеден астам қарызы бар азаматты іздеп тапты

11 Қыркүйек 2024, 20:30
546
Бөлісу:
ШҚО полицейлері 38 млн теңгеден астам қарызы бар азаматты іздеп тапты
Фото: polisia.kz

Шығыс Қазақстан облысында полицейлер 38 млн теңгеден астам қарызы бар азаматты іздеп тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Ер адам бір жылдан астам уақыттан бері қарыз алушы мен сот орындаушыларынан жасырынып жүрген. ШҚО ПД көші-қон қызметі басқармасына жеке сот орындаушысынан 38 миллион теңгеден астам қарызы бар, өткен жылдың наурыз айынан бері өскемендік тұрғынға қарызын бермей жүрген борышкерді іздеуге беру туралы қаулы келіп түскен. 

Қызметкерлер хабарламаға жедел ден қойып, 1 тәуліктен де аз уақыт ішінде Шемонаиха ауданында жасырынып жүрген борышкерді іздеп тапқан. Тәртіп сақшылары берешекті өндіріп алу шараларын қолдану үшін уәкілетті органдарға ақпарат берді. 

Айта кетейік, жыл басынан бері шығысқазақстандық тәртіп сақшылары 30-дан астам борышкердің мекенжайын анықтаған. Осы ретте ШҚО полиция департаменті атқарушылық құжатты орындаудан жалтарғаны үшін заңда әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік көзделгенін ескертеді.

Өзгелердің жаңалығы