Ұлан ауданында көктемгі су тасқыны кезеңінде ТЖ болдырмау үшін барлық қажетті іс-шаралар жасалуда, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Ұлан ауданының әкімі Ренат Құрмамбаев мәлімдеді. Бұл туралы Altaynews жазды.
Аудан әкімі 9 наурыз күні Бозанбай, Мамай батыр, Герасимовка ауылдарында көктемгі су тасқының болдырмау мақсатында жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысып қайтқан.
Төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша іс-қимылдарға азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің қызметкерлері мен күштері, сондай-ақ жергілікті әкімшілік өкілдері, тұрғындар мен Ұлан ауданының азаматтық қорғаныс құрылымдарының күштері қатысуда. Арықтарды, құбырларды тазалау жұмыстары жүргізілді. Жағдай тұрақты және күнделікті бақылауда, - дейді Ренат Құрмамбаев.