Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облыстық ардагерлер кеңесі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Конституцияға түзетулер мен толықтырулар енгізу туралы бастамасын толықтай қолдайды, деп хабарлы altaynews.kz.ады altaynews.kz.
Бұл референдум – Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы жаңа тарау болмақ. Конституцияға енгізуге ұсынылған түзетулер мен толықтырулар еліміздің әл-ауқатын арттыруға тікелей бағытталған, – деді ардагерлер.
Облыстық ардагерлер кеңесінің төралқасы 220 мыңнан астам ардагердің атынан шығысқазақстандықтарға алдағы референдумға қатысуға шақырады.
Біз өзіміздің белсенді азаматтық ұстанымымызды көрсетуге тиіспіз. Өйткені біздің мақсатымыз – жаңа Қазақстанды құру. Еіміздің болашағы әрқайсымыздың таңдауымызға байланысты, – дейді ардагерлер.