Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ШҚО-ға қосымша күш пен құралдар жіберілді, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.
Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин қардың қарқынды еруі байқалатынын айтады.
Астана су қоймасының айналасындағы барлық дерлік беткейлер ашылып, белсенді ағындар жүріп жатыр. Әзірге қар қорлары бар. Су қоймаларын толтырмау және Нұр-Сұлтан тұрғындарының жазғы қажеттіліктері үшін суды сақтау бойынша жұмыстар жүргіземіз. Төгінділерді есептеу арқылы температуралық фон мен жағдайға байланысты реттейміз, - деді министр.
Министрліктің мәлімдеуінше, Шығыс Қазақстан облысына қосымша күш пен құралдар жіберілді. Өйткені, Риддер мен Алтай таулы өңірлерінде қардың қарқынды еруі мүмкін деген болжам бар.
Еске салсақ, Шығыс Қазақстан облысында 7-9 сәуір күндері көшелер мен үйлерді су басу қаупі күрт артатына хабарланған болатын.