Шығыс Қазақстан облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Марат Қабақовтың мәліметіне сенсек, бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24 пайызға жоғары, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Шығыс Қазақстан облысы туристік көрсеткіштерін сенімді түрде арттыруды жалғастыруда және бұл нақты сандармен расталады. Мәселен, 2023 жылдың тоғыз айында аймақтағы туристік нысандардың қызметіне еліміздің 281 мың азаматы жүгінгенін ескерген маңызды. Бұл тұрғыдан алып қарағанда, көрсеткіш 14 пайызға өскен. Сондай-ақ, Шығыс Қазақстанға келіп-қайтқан шетелдік туристер саны да біршама артқан. Үш тоқсан қорытындысы бойынша шетелден келген туристер саны 15 мыңға дейін жеткен, өсім 17 пайызды құрайды, – деп хабарлады М.Қабақов.
Оның айтуынша, өңірдегі туристік индустрияның оң нәтижелер көрсетуінің басты факторы негізгі капиталға тартылатын инвестициялар мәселесіне жіті көңіл бөліне бастауы болған-ды. Мәселен, 2023 жылы салаға құйылған инвестициялар көлемі 12,5 миллиард теңгені құраған, бұл 2022 жылғы көрсеткішпен (10,8 миллиард теңге) салыстырғанда 12 пайызға артық.
Облыс демалушылар үшін кең мүмкіндіктер ұсына алады. Өзіңіз білесіз, Шығыс Қазақстан туристік нысандардың алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Бізде қысқы да, жазғы да туризмді дамытуға болады. Аймақта үш шипажай, 19 пантотерапия, төрт тау шаңғысы курорты, 84 қонақ үй мен 230 демалыс базасы, барлығы 20 051 төсекорынға шақталған 340 туристік нысан бар. 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсім 103,4 пайызды құрап отыр, – дейді Марат Қабақов.