Шығыс Қазақстан облысында құтқарушылар қар құрсауынан 12 ресейлікті эвакуациялады. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті өңірде 15 жол учаскесі әлі ашылмағанын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ведомство өкілдерінің мәлімдеуінше, ауа райының нашарлауынан 12 адам "Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы" республикалық маңызы бар автожолда қалып қойған.
Оларға көмекке ШҚО ТЖД Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары аттанды. Ресей Федерациясының 12 азаматы, оның ішінде 2 бала қауіпті аймақтан эвакуацияланды. Олар Шемонаиха қаласының қонақ үйіне орналастырылды, – делінген ҚР ТЖМ баспасөз қызметі хабарламасында.
ШҚО ТЖД ауа райы тұрақтанғанша сапардан бас тарта тұруға шақырды.