Қазақстанның соңғы жаңалықтары

ШҚО-да жол апатына ұшыраған көлік қоршауға ілініп қалды

8 Қазан 2025, 13:12
564
Бөлісу:
 видеодан скриншот
VIDEO
Фото: видеодан скриншот

Риддер қаласында жол апатына ұшыраған көлік жер үйдің қоршауына қырымен ілініп қалған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

2025 жылдың 7 қазанында Риддер қаласының Лесхозная көшесінде жол-көлік оқиғасы болды. Жол апатына ұшыраған көлік жер үйдің қоршауына қырымен ілініп, артқы жағы бағанға тірелген.

Көлік жүргізушісі Абай даңғылы бағытындағы екінші ауданнан солға бұрылыс жасау кезінде жол және ауа райы жағдайларын ескермеген. Ол тоқтамас бұрын қауіпсіз жылдамдық пен оны азайту шараларын қарастырмаған. Салдарынан көлік жеке үйдің қоршауына барып соғылды. Аталған құқық бұзушылық бойынша материалдар соттың қарауына жіберілді, - деп хабарлады ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Еске салайық, бұған дейін Қостанайда жүргізуші көлігімен дүкенді соққан болатын. 

Өзгелердің жаңалығы