Шығыс Қазақстан облысында жоғалып кеткен бала түні бойы іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Шығыс Қазақстан облысының Согра кентінде 12 жасар жасөспірім іздестіріліп жатыр. Бала 2:30-да үйден кетіп қалған.
Баланы квадрокоптердің көмегімен де іздеп жатыр.
Жоғалған баланы 500-ден астам адам іздеп жатыр. Оның ішінде 350 полиция қызметкері, Ұлттық ұланының 100 әскери қызметшісі, құтқарушылар мен еріктілер.
Олар тұрғын үйлердің аулалары, шаруашылық құрылыстарды да қарап жатыр. Қызметтік-іздестіру иттерді де пайдаланып жатыр.
Бала аутизммен ауырады және сөйлемейді.
Қазір сол жерде жедел штаб құрылып, жұмыс істеп жатыр. Онда немқұрайлы емес азаматтар қажетті ақпаратты алу және іздестіру іс-шараларына қатысу үшін жүгіне алады.